WhatsApp-тың тағы бір қауіпті жағы табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы The Next Web-ке сілтеме жасап Lenta.ru жазады.
WhatsApp-тың қауіпті жағы табылды
|
WhatsApp мессенджері қастандық ойлаушыларға қолданушының қай уақытта ұйқыға жатып, қай уақытта оянатынын нақты айтып бере алады.
Бұл мәліметтер аккаунт иелерінің көрініп тұратын онлайн-статусына байланысты. Өйткені сіз қызығушылық танытатын адамның компьютері немесе смартфоны бар болса, онда ондай ақпаратқа кез келген адам ешқандай кедергісіз қол жеткізе алады.
Мұны бұған дейін Facebook пен Tinder дейтинг-жүйесінің қауіпсіздігі туралы айтқан бағдарламашы Роб Хитон мәлімдеген.
Facebook мессенджері мен WhatsApp-та контактілер тізіміндегі адамдардың желіде соңғы рет қай уақытта болғанын көруге болатын мүмкіндік бар.
Мұндай ақпараттың қастандық ойлаушылардың тарапынан қандай мақсатта қолданылатынын көрсету үшін бағдарламашы WhatsApp-тағы контактілердің онлайн-белсенділігін автоматты түрде жазып отыратын Chrome браузерінде арнайы талдау жүргізген. Бұл нақты бір адамға тән күн тәртібі режимін анықтауға мүмкіндік берген.
Сондай-ақ, қолданушылардың желіге кіретін уақытына қарап, контактілер тізіміндегі адамдардың қайсысы бір-бірімен сөйлескенін де анықтауға болады екен. Егер адам ұйқысын бұзып, өзінің контактілер тізіміндегі бір адамға хабарлама жазуы үшін желіге кіретін болса, оның хат алушысы да оған жауап беруі үшін интернетке шығатыны белгілі.
Роб Хитон болса хакерлер осындай мәліметтерді серіктестеріне беруі мүмкін екенін ескертеді.
Хакерлер қолданушылардың ұйықтайтын уақыты туралы жинаған статистикалық деректерді басқа бір ұйымдарға жарнамалық мақсатта сатуы мүмкін. Мысалы, мұндай деректерді өндірушілер ұйқысыздық, басқа да ұйқының бұзылуы сияқты түрлі мақсаттарда ұйықтатын дәрі-дәрмектерді және биоқоспаларды шығаруға пайдаланады.