Waymo роботаксилері Сан-Франциско тұрғындарына ұйқы бермейді (видео)
Waymo роботаксилері Сан-Франциско тұрғындарына ұйқы бермейді (видео)
3 ай бұрын 544 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Waymo компаниясы өткен айда Сан-Францискодағы робот-такси қызметіне қойылған шектеулерді алып тастағандықтан бұл шара қала тұрғындарына қолайсыздық әкелді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атап айтқанда, қала тұрғындары таксилердің тұраққа ретімен орналаса алмайтындығына жаппай шағымдануда. Дәлірегі, тұраққа ретімен орналасу үшін робот көліктер түні бойы бір-біріне сигнал беріп, тұрғындарың ұйқысын қашырған. Waymo компаниясының өкілдері робот такси алгоритмдерінің жетілдірілмегенін мойындады. Роботакси кедергіге тап болған кезде тосқауыл жоғалғанша қозғалысын баяулатады немесе толығымен тоқтайды әрі кедергіге кезіккені жөнінде немесе кедергі келтірген нысаннан жолды босатуды «сұрап» қысқа дыбыстық сигналдар шығарады. Нақтырақ айтқанда, егер бірнеше құрылғы тар жерде сығылысып қалса, олар қозғалу бағытын анықтай алмай қалады. Міне, осындай  себепке байланысты бір-біріне дабыл қағады. Әлбетте, қазіргі түрінде роботаксистер дербес жұмыс істеуден әлі алыс. Олар қиын жағдайдан шығудың жолын таба алмайды, сонымен қатар, олар жоқ жерден проблема тудыруға бейім; Мәселен, кейбір қиылыстарда кептеліс тудырып, сол жерден кетуге тырыспайды. Робот көліктер адамдардың қажеттіліктерін анықтай алмайды, сондықтан шудың пайда болуына, жол-көлік апаттарының ықтимал қаупінің артуына ықпал етеді.

0 пікір
Мұрағат