Вегетариандықтың ешкім күтпеген зияны белгілі болды
Вегетариандықтың ешкім күтпеген зияны белгілі болды
3 жыл бұрын 1598 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock

Вегеттариандық диетаның планета үшін қауіпті тұсы анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg  іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Импорттауға арналған жеміс-жидек пен көкөністі тасымалдаудың өзінен қошаған ортаға келетін зиян-залалының өзі ғалымдар топшылаған межеден 7,5 есе жоғары болып шықты. Бұл тарапта қытай және австралиялық ғалымдар әлемнің 74 аймағындағы азық-түлікпен жабдықтау тізбегін сараптамадан өткізіп көрген екен. Мамандар бұл есепте табысы жоғары болуына байланысты тұтыну деңгейі жоғары Қытайда, Еуропада, Солтүстік Америкада, т.б. астық пен тыңайтқышты, мал басын, т.б. аззық-түлік түрлерін өсіруде, тасымалдауда пайдаланылатын ауыл шаруашылық техникаларынан бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін ескерген. Сарапшылардың келтірген дерегіне қарағанда, 1995-2018 жылдарр аралығында ауыл шаруашылық өнімдерінің халықаралық сауда-саттық деңгейі кем дегенде екі есеге өскен. Азық-түлік тасымалдау әлем бойынша жүк көлігінен атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының  27 пайызын және азық-түлік жүйесінен атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының 19 пайызын құрайды. Бұл арада тауарларды тасымалдау кезіндегі аттмсфраға бөлінетін парникті газдың мөлшері тым жоғары болып отыр. Өйткені, тауарды тасымалдау кезінде өнімді бүлінуден сақтау үшін салқындату жүйесінің өзінен ауаға қосымша зиянды қалдықтар бөлінеді. Тағам өндірісінен қоршаған ортаға келетін зиянды мейлінше азайтудың амалын маусымдық жергілікті ауыл шаруашылық өнімдері есебінен жүзеге асыруға болады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдауда биоотынмен немесе сутегімен жүретін көліктерді пайдалану арқылы да бұл мәселені шешуге болады.

0 пікір
Мұрағат