Ұзақ уақыт көлік жүргізудің тағы басқа қандай зияны бар?
Ұзақ уақыт көлік жүргізудің тағы басқа қандай зияны бар?
7 жыл бұрын 4528 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Автокөлікті екі сағаттан артық айдау немесе теледидарға үш сағаттан артық телміру адамның инделлект коэффициентін (IQ (intelligence quotient) төмендетеді. Бұл жайында The Times ақпарат көзі Ұлыбританиядағы Лестер университетінің дәрігері Кишан Бакранияның зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, ұзақ уақыт бойы көлік жүргізу немесе теледидар алдында отыру адамның интеллекті коэффициентіне кері әсерін тигізеді. Бұл уақытта адамның миының жұмыс істеу қабілеті кемиді. Ғалым мұндай тұжырымға 37 мен 73 жас аралығындағы 500 мыңнан аса британдықтың өмір сүру салтын талдай келген. Ғалымдар көп қимылдауды қажет етпейтін өмір салтының адам интеллектісіне қалай әскер ететінін зерттеген. Сол себепті, мамандар осы заманғы адамдарға көп қимылдауға кеңес беріп отыр. 

0 пікір
Мұрағат