Ұшқышы жоқ тікұшақ құтқару операциясын орындады (видео)
Ұшқышы жоқ тікұшақ құтқару операциясын орындады (видео)
2 жыл бұрын 1475 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Заманауи технологиялар адам басқаратын және ұшқышсыз ұшатын аппараттар арасындағы шекараны, яғни, айырмашылықты біртіндеп жоюда. Бұл жайында islam.kz порталы news.lockheedmartin.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша, АҚШ қарулы күштерінің Юма және Аризона штаттарындағы сынақтар кезінде Project Convergence 2022 (PC22) бағдарламасы аясында Black Hawk тікұшағының демонстрациялық миссиясы толық автономды режимде, яғни, адамның араласуынсыз, дербес жүзеге асырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаттарының бірі - «Black Hawk» сияқты тікұшақтарды жауынгерлік тапсырмаларға байланысты экипаж үшін тым қауіпті болған кезде немесе қарапайым, әдеттегі тапсырмаларды орындау кезінде басқарылатын және ұшқышсыз нұсқаларда да қолдануға болатынын дәлелдеу. Жаттығуға Sikorsky компаниясының MATRIX технологиясымен және DARPA компаниясының ALIAS экипажды автоматтандыру жүйесімен жабдықталған UH-60A Black Hawk тікұшағы қатысты. Олардың арқасында қарапайым армия тікұшағы автопилот функциясын орындаумен қатар төтенше жағдайларға адамның араласуынсыз әрекет етуге қабілетті автономды ұшаққа айналды. Демонстрациялық ұшулардың бірінде тікұшаққа салмағы 228 келі тартатын 400 қорап жүктелді, оны экипаж сынақ алаңына жеткізді, содан кейін тікұшақтан шығып, ары қарай басқаруды MATRIX жүйесіне ауыстырды. Толық автономды режимде автомобил сағатына 185 шақырым жылдамдықпен және 60 метр биіктікте шамамен 140 шақырым ұшып өтті. Келесі кезеңде UH-60A Black Hawk ұшағына сыртқы жүктемесі 1180 келі тартатын 12 метрлік кабел бекітілді. Жарты сағаттық ұшудан кейін оператор құрылғыға қонуға бұйрық берді - тікұшақ жүкті жерге түсіріп, қонды және жараланған адам манекені бар зембілді бортқа тиеуді күтті.

0 пікір
Мұрағат