Ұшқышсыз ұшатын әмбебап аппарат сынақтан сәтті өтті (видео)
Ұшқышсыз ұшатын әмбебап аппарат сынақтан сәтті өтті (видео)
5 жыл бұрын 2342 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы ұшқышсыз ұшатын аппараттар негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, геологияда, т.б. салаларда қолдану үшін құрастырылады. Сонымен қатар, әскери мақсатта да (барлау, шекараны қадағалау, т.б.) пайдаланылады. Италияның Leonardo компаниясы құрастырған Falco Xplorer әмбебап дроны Сицилияда сынақтан сәтті өтті. Қанатының ұзындығы 18,8 метрді жететін аталмыш аппарат Жерорта теңізінің үстінен ұшып өтті. Жай қозғалтқышпен жабдықталса да қанатының кең құлашына қарай әуеде 24 сағат бола алады. 350 келі тартатын жүкпен 9000 метр биіктікке дейін көтеріледі. Falco Xplorer-дің әмбебап сипатына байланысты өзгеше дрон экологиялық қадағалау үшін де, ауыл шаруашылығы мақсатында да, әскери барлауда да немесе шекараны бақылауда да қолдануға болады. Falco Xplorer қадағалау стансасының кешенінен спутник арқылы басқарылады. Оператор керек кезінде аппараттың ұшу траекториясын өзгерте алады. Дрондағы қондырғыдан алынған деректерді зерделей алады. Аталмыш аппаратты құрастырған компания өкілдерінің мәлімдемесінде айтылғандай, Falco Xplorer кез келген қарудың түрін орналастыруға бейімделіп жасалмаған. Яғни, халықаралық қару-жарақ саудасының ережесіне қайшы (ITAR) келетін жері жоқ болғандықтан оны әлемнің кез келген еліне саудаға шығаруға болады. Аппараттың соңғы сынағы NATO стандарты бойынша сертификат алу процедурасына сәйкес тестілік бақылау аясында өткен болатын. Leonardo компаниясы басшылығы мәлімдегендей, аппарат Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық миссиясына арналған. Сондай-ақ, Еуропалық одақ шекарасына мониторинг жүргізетін Frontex агенттігінің шекаралық бақылауды қамтамасыз етуге де арналған. 

 

0 пікір
Мұрағат