Ұшатын қолшатыр жасалды (видео)
Ұшатын қолшатыр жасалды (видео)
11 ай бұрын 1943 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қолшатырды қолда ұстап алып жүрудің өзі бір машақат. Қолайсыздық тудырады. Осыны ескерген канадалық блогер I Build Stuff өзінің YouTube-арнасында ұстайтын тұтқасы жоқ, алайда, пайдаланушының үстінен ұшып, жанына қалмайтын қолшатырды ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұшатын қолшатыр жасау үшін блогерге кәдімгі қолшатыр, ұшу контреллері, GPS модулі, дәнекерлеуші үтік, металл құбырлар, қозғалтқыштар және қашықтан басқару құралы қажет болды. Автор бұл  компоненттерді Amazon-нан сатып алды. Инженер дрон корпусын 3D принтерде басып шығарды, қозғалтқыштарды бұрап, дайын қолшатырдан дайындалған корпусқа «қалпақ» тартты. Нәтижесінде қашықтан басқару пулті арқылы басқарылатын квадрокоптер-қолшатыр пайда болды. Прототип тек адамның бұйрығымен ұшады. Қолшатыр өздігінен адамға ере алмайды. Дегенмен, инженер екінші нұсқаны дайындап жатыр - онда пайдаланушының басын бақылайтын және оның артындағы қолшатырды пайдаланушыға бағыттайтын арнайы сенсорлар орнатылады. Блогер құрылғыны жасауға қанша ақша жұмсағанын айтпады. Тәжірибе ойдағыдай өтсе, блогер краудфандинг платформаларында өз өнертабысын насихаттауды көздеп отыр. Әзірлеудің екі үлкен кемшілігі бар. Біріншіден, мұндай қолшатыр бүктеуге келмейді, мысалы, дүкенге немесе көлікке кіру кезінде қолайсыздық тудырады. Екіншіден, ұшатын қолшатыр екпіні қатты желге қалай төтеп беретіні белгісіз.

0 пікір
Мұрағат