Ұшатын өрт сөндіруші мультикоптер құрастырылды (видео)
Ұшатын өрт сөндіруші мультикоптер құрастырылды (видео)
4 жыл бұрын 2610 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың EHang компаниясы осы уақытқа дейін туристерді діттеген жеріне жеткізіп салатын әуе таксиі ретінде пайдаланылатын мультикоптер өндірісіне көңіл бөліп келген еді. Таяуда ұшқышсыз ұшатын осынау автономды платформаны өрт сөндіруші аппаратқа айналдырды. EHang 216 мультикоптердің өрт сөнідіруге арналған нұсқасы от сөндіретін көбіктің 145 литріне дейін сыйымдылығы бар құрылғымен және аталған дрондар орналасқан базадан 5 шақырым қашықтықта орын тепкен  зәулім ғимараттардағы өртпен күреске арналған от сөндіруші бомбалармен жабдықталған. Өрт шыққан жерге келген соң EHang 216 оптикалық камераның көмегімен өрт ошағын анықтап, лазерлік жүйені іске қосады. Содан соң өрт сөндіруге арналған бомбаны бағыттап, көбік шашады. Жылдамдығы сағатына 130 шақырымды артқа тастайтын бұл аппарат әуеде 21 минут «қалықтап» тұра алады. Осы жаз мезгілінің бас кезінде Қытайдың азаматтық авиация басқармасы Ehang мультикоптеріне ауыр жүктерді тасымалдауға рұқсат еткен болатын. Қазіргі уақытта тек Қытай аумағында қолданылып жүрген бұл аппарат болашақта өзше елдерге экспортталуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат