Ұшатын автокөліктерді қолдануға рұқсат беретін заң әзірленіп жатыр
Ұшатын автокөліктерді қолдануға рұқсат беретін заң әзірленіп жатыр
7 жыл бұрын 3520 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапония билігі ұшатын автокөліктерді қолдануға мүмкіндік беретін заң жобасын әзірлеп жатыр әрі мұндай автокөліктерді көтеп шығару үшін жекеменшік бизнесті тарту жолдарын қарастырып жатыр. Бұл жайында күншығыс елінің экономика, сауда-саттық және өнеркәсіп министрі Хиросигэ Сэко мәлім етті. Әзірге бұл бағыттағы жұмыстар шектеулі сипатқа ие болып отыр. Алайда, ақылдаса келе дайындалып жатқан заң арқылы біз ұшатын автокөлік жасауға бизнес өкілдерін тартатын боламыз»,- деп мәлімдеді ол. «Егер мұны іске асыра алсақ, онда біз құрлықта, әуеде және суда кідіруді білмей діттеген жерімізге жететін боламыз»,- деді артынша. Айта кету керек, күншығыс елі аталмыш жобаны ұлттық индустрияны дамытуда келешегі бар сала ретінде үміт артып отыр. Сонымен қатар, тек Жапония ғана емес, әлемнің өзге де дамыған елдері бұл жобаны жүзеге асыруға ұмтылып отыр. Ал Жапонияның өзінде Toyota Motor, Cartivator және басқа да компаниялар бұл жобаға атсалысуға алақандарын ысқылап дайын отыр.

0 пікір
Мұрағат