Үш жылдан соң еңбек нарығында болатын түбегейлі өзгерістер
Үш жылдан соң еңбек нарығында болатын түбегейлі өзгерістер
6 жыл бұрын 3174 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда өткен Бүкіл әлемдік экономикалық форумда енді үш жылдан соң, дәлірегі, 2022 жылы әлем бойынша еңбек нарығын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын анықтаған Future of Jobs 2018 зерттеу нәтижесі жария етілді. Аталған ұйым келтірген дерекке қарағанда, роботтандырудан 133 млн жаңа жұмыс орны ашылады. Осыған байланысты 75 млн көнерген мамандық иелері жұмыстан қысқарады. Аталмыш зерттеуге әлемнің жиырма елінен 300 халықаралық компаниялардың топ-менеджерлері мен кадр жөніндегі мамандары қатысқан. Осы бағытта жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша адамдар атқарып жүрген үйреншікті жұмыс міндеттері мене тапсырмалар 71%-дан 58%-ға дейін кемиді. Ал машина орындайтын міндеттер керісінше 29%-дан 42%-ға артады. 2022 жылы мәліметтерді талдаумен, сараптаумен, инновациямен, жасанды интеллектімен, программаны әрі қосымшаларды жасаумен, ақпарат қауіпсіздігімен, блокчейн технологиясымен, сатумен, маркетингпен байланысты салалардағы мамандарға сұраныс 33%-ға артады. Ал бухгалтер, хатшы, техникалық қызмет көрсету, кеңсе менеджері, зауыт жұмысшысы, техниканы жөндейтін мамандарға сұраныс 24%-ға кемімек. Аталған жылы. Сондай-ақ, технологияның жетілуіне байланысты толық жұмыс күні деген жойылатыны айтылған. Бұдан бөлек, Deloitte консалтингтік компания жүргізген зерттеу нәтижесіне үңілсек, уақытша әрі алыстан жұмыс істеу сәнге айналып, салтқа енеді. Яғни, осылай жұмыс істеу компанияға тиімді болмақ. Роботтандыру көбінесе автокөлік құрастыру, металлургия, мұнай-газ, электроника салаларын, фармацевтика, тағам өнеркәсібі, банк және қаржы жүйесін қамтиды. Ал білім беру, денсаулық сақтау, коммуникация, туризм, авиация, құрылыс, т.б. салаларында роботтандыру үлесі айтарлықтай көп болмайды. Сонымен қатар, шетел тілін білетіндерге сұраныс артады.

0 пікір
Мұрағат