Үйдегі инфекциямен күресетін бояу жасалды
Үйдегі инфекциямен күресетін бояу жасалды
3 жыл бұрын 1040 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресейдегі Томбы мемлекеттік университетінің ғалымдары кеңінен тараған патогендерді залалсыздандыратын, қабырғаға арналған бояу ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бояудың пайда болуына «Ярослав бояуы» деп аталатын компания да атсалысқан. Бояуларға күміспен араластырылған мырыш оксидіне негізделген биоцидтік нанобөлшектер қосылды. Аталған бояумен Томбының бірқатар емханаларының қабырғасын өңдеп көрмек – жылдан жылға антибиотикке төзімділігі қалыптасып, ем-домға бой бермей бара жатқан ішек таяқшасы, стафилококк, Pseudomonas aeruginosa, т.б. бактерияларға қарсы әсерін зерделеу үшін. Бояулардың екі композициясы қолданылатын болады: күміс нанобөлшектері бар біріншісі сынақтан өтіп, сертификатталған, ал екіншісі әлеуетті сатып алушылар қол жеткізе алатын, осы уақытқа дейін тек зертханалық сынақтардан өткен, бірақ, тиімді деп танылған.

 

0 пікір
Мұрағат