Үй сыртында тыңшы бар: қабырғаның сыртынан үй ішінде не болып жатқанын білдіретін технология пайда болды
Үй сыртында тыңшы бар: қабырғаның сыртынан үй ішінде не болып жатқанын білдіретін технология пайда болды
2 жыл бұрын 6089 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің Cameo-Tech компаниясы нақты уақыт аралығында қабырғаның арғы жағындағы кез келген нысанды немесе адамдарды қадағалауға мүмкіндік беретін Xaver 1000 технологиясын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Business Insider ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жүйе патенттелген сенсорлар мен машиналық оқуға негізделген алгоритмдерден тұрады, ол қабырғаның сыртынан ғимарат ішінде адамдардың бар-жоғын, тіпті, олардың қаруланғанын немесе қарусыз екенін, санын, бөлменің қай тұсында екенін, жатқанын немесе тұрып тұрғанын, жүзін қалай бұрғанын немесе қайда қарап тұрғанын, сондай*-ақ, кеңістіктің жалпы аумағы мен жобасын білуге мүмкіндік береді. Xaver 1000 сыртқы түрі пленка өндірісінде қолданылатын жарықтандыру құрылғыларын еске түсіреді. Жүйе штативтен, жиналмалы панелдерден және сканерлеу нәтижелерін көрсететін және одан құрылғыны басқаратын 10,1 дюймдік экраннан тұрады. Оператор қабырғаның артында не болып жатқанын білгісі келгенде, платформаны қабырғаға бекітіп, сәйкестендіру процесін бастайды. Құрылғының қабырғалардың артындағы заттар мен адамдардың нақты орналасуы бар кескінді қалыптастыруға және олардың қозғалысын бақылауды жалғастыруға бірнеше секунд қажет. Бұл технология қабырғалардың артындағы тірі нысандарды соншалықты жоғары ажыратымдылықпен (айырып тану) көрсете алады, ол адамның отырғанын, тұрғанын немесе жатқанын, тіпті, олардың қанша уақыт қозғалмай тұрғанын да айта алады. Ол ол ма, адамның кескін-келбеті мен түр-тұлғасын да елестетуге мүмкіндік береді. Cameo-Tech компаниясы өкәлдерінің айтуынша, өзгеше технология үш өлшемді визуалды суретті жасап, нақты уақытта не болып жатқанын таратады. Сонымен бірге, алгоритмдер жиналған деректерді дербес түсіндіреді - мысалы, жасанды зерде бөлменің орналасу ретін, қабырғаның артында адам бар-жоғын, оның қазір қандай позицияда екенін, оның беті қайда бағытталғанын және оның бар-жоғын, тіпті, қаруының бар-жоғын анықтай алады. Бұл технология лаңкестер тарапынан кепілдікке алынған тұтқындарды мейлінше қауіпсіз жолмен босатып алуға көмектеседі. Бұдан бөлек, тыңшылық жолмен мәліметтер жинауға да болады. Бұл жүйеге осы күні құрылыста қолданылып жүрген материалдар бөгет жасай алмайды. Xavier 1000 технологиясы әскери, құқық қорғау органдары, барлау бөлімшелері және іздеу-құтқару топтарына белгілі бір операцияларына көмекші құрал бола алады. Бұл көп жағдайда құрылғының қарапайымдылығына байланысты - технология алгоритмдер мен сканерлердің қалай жұмыс істейтінін түсінуді қажет етпейді, ал оператордан талап етілетін нәрсе - басқарудың қарапайым интерфейсін түсіну. Десе де аталған компания бұл құрылғыда пайдаланылған технлогияның құпиясын коммерциялық мақсатта ашпай отыр. Xavier 1000 технологиясы әскери мақсат үшін әзірленіп жатқан See Through Walls өнімдер тобының бөлігі. Жаңа технология туралы хабарландыру өткен аптада Париждегі Eurosatury 2022 көрмесі аясында өтті. Жүйенің коммерциялық нарықта қашан пайда болатынын Cameo-Tech өкілдері әлі айтқан жоқ

0 пікір
Мұрағат