Тынық мұхитының түбіне шөккен гольф доптары (видео)
Тынық мұхитының түбіне шөккен гольф доптары (видео)
6 жыл бұрын 3553 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық табиғат жанашырлары мен қоршаған ортаны қорғаушылар, дәлірегі, суға сүңгушілер жағалау маңындағы гольф клубтан қаңғып келіп мұхит түбіне шөккен доптарды терумен шұғылданып келеді. Пластикалық ластаушыны Алекс Вебер (Alex Weber) есімді 16 жастағы калифорниялық  бойжеткен байқаған екен. Жағалауда туып-өскен ол суға жақсы сүңгиді. 2016 жылы ол бірнеше мыңдаған гольф добын байқап қалады. Әлемдік мұхит түбінен. Жалғыз өзі жинауға шамасы келмей достарын көмекке шақырған екен. Осылайша The Plastic Pick-Up деп аталатын жоба пайда болды. Өз еркімен қолұшын созғандардың көмегімен жалпы салмағы екі жарым тонна болатын 50 мыңға тарта гольф добы жиналған екен. Дайверлер бір сүңгігенде су бетіне 500 ден 5000 мыңға дейін гольф добын шығарып жүрді. Олар мұнымен ғана шектеліп қамай әлем қауымдастығына дабыл қағып, адам қолымен жасалып жатқан табиғатқа қарсы қастындық пен экологиялық апатты жеткізгісі келді. Стэнфорд университетінің биологы Мэтью Савока (Matthew Savoca), тіпті, бұл тақырыпта арнайы мақала жазыпты: бір ғана гольф клубта шамамен 62 мың гольф раундтан келеді, ал орташа статистикалық есеп бойынша ойыншы бір раундтың өзінде кем дегенде үш доптан көз жазып қалады. Осылайша қоршаған ортада жалпы салмағы 3,14-тен 9,42 тоннаға дейін жететін 62-ден 186-ға дейін доп жоғалады.

0 пікір
Мұрағат