Тынық мұхитын қоқыстан тазартатын құрылғы іске қосылды (видео)
|
Голландиялық The Ocean Cleanup компаниясы Тынық мұхитын тұтас бір елдің аумағындай болып жиналып қалған қоқыстан тазартатын жүйені іске қосты. Аталған құрылғы Сан-Франциско шығанағында жұмыс істей бастады. Ұзындығы 600 мтерге жететін, System 001 деп аталатын құрылғы Тынық мұхитын үлкен қоқыс дағынан (Great Pacific garbage patch) тазарту үшін ойлап табылған. Бұл қоқыс дағы Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде мұхиттың экологиялық жүйесіне қатер төндіріп тұр. ЮНЕСКО мамандарының есебі бойынша Тынық мұхитындағы бұл қоқыс дағы Техас штатының аумағында да үлкен – 1,2 млн шаршы метрден асады. Қоқыс аралы Солтүстік Америка мен Жапония тұрғындарының қоқысынан пайда болған. The Ocean Cleanup компаниясы бұл құрылғыны құрастыруға 5 жылын сарп етті. Пішіні U әрпін еске түсіретін құрылғы судың үстіңгі жағына орналасқа. Ал түбінде үш метр тереңдікке дейін тормен бекітілген. Ауланған қоқыс кемеге тиеліп, жағаға шығарылады, артынан қоқыс өңдеу зауытына жөнелтіледі. Мамандар мұндай алпыс жүйе болса, Тынық мұхитындағы қоқыс дағының жартысын қоқыстан тазартуға болатынын айтып отыр. The Ocean Cleanup компаниясы осы мақсатта қайырымдылық әрі краудфандингтік қаржы көздерінің көмегімен қаржы жинауда. Әзірге мұндай жолмен жиналған қаржы мөлшері 30 млн долларға жеткен.