Тұшшы су қоры мол елдер аталды (инфографика)
Тұшшы су қоры мол елдер аталды (инфографика)
3 ай бұрын 1380 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тұшшы су – ең маңызды ресурс. Маңыздылығы сонша, адамзат қарасының көбеюі мен жаһандық жылыну секілді факторларға байланысты пайдалы қазба байлықтан да бәсі артып бара жатқан ресурс ретінде алға шығады. Алайда, бұл ресурстың бөлінуінде көп алшақтық пен айырмашылық бар. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Бүкіл әлемдік банк келтірген дерекке жөн сілтеген naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кей елдер тұшшы судың мол қорына ие (мұздақ, өзен-көл, жерасты суы). Ал кей мемлекеттердіңң жері шөл және шөлейт болғандықтан тұшшы су қорына зәру. Бүгінде күллі әлем бойынша тұшшы су қорының мөлшері жалпы судың тек 2,5%-н ғана құрайды. Оның көбісі жерасты мен мұздақта шоғырланған. Бразилия (тұшшы судың әлемдік қорының 13%-не ие) әлемдік өзен ағысының шамамен бестен бір бөлігін құрайтын Амазонка бассейнінің арқасында әлемде тұшшы судың жаңартылатын қорларының көлемі бойынша бірінші орынды алады. Ресейдің тұшшы су ресурстары (тұшшы судың әлемдік қорларының 10% астамы) тұшшы судың әлемдік қорларының 20% шоғырланған Байкалды қоса алғанда, мыңдаған өзендер мен көлдерде орналасқан. Канада аумағында (тұшшы судың әлемдiк қорларындағы үлесі - 6,7%-ы) Солтүстiк Американың жер бетiндегi тұшшы судың 84% жуығы бар Ұлы көлдердi қоса алғанда екi миллионнан астам көл бар. Америка құрама штаттары (тұшшы судың әлемдiк қорының 6,6%-ы АҚШ аумағында) тұшшы судың едәуiр қорына ие: Миссисипи, Колорадо және Колумбия сияқты iрi өзен жүйелерi миллиондаған адамдарды сумен қамтамасыз етедi. Ал Қытайдағы тұшшы судың қоры (тұшшы судың әлемдік қорының 6,6%-ы) орасан зор, алайда, ел аумағы бойынша біркелкі бөлінбеген: оңтүстікте климат құрғақ солтүстікке қарағанда жауын-шашын көп түседі. Йанжы өзені - ел үшін ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және 400 миллионнан астам адамды қамтамасыз ететін өмірлік маңызы бар су көзі.

Инфографика: страны с крупнейшими запасами пресной воды / © Visualcapitalist

 

0 пікір
Мұрағат