Түрікше «естелік күнделігі»: қаңыраған ауыл, ақылынан ауысқан әйел және көзсіз махаббат... (фото+видео)
Түрікше «естелік күнделігі»: қаңыраған ауыл, ақылынан ауысқан әйел және көзсіз махаббат... (фото+видео)
5 жыл бұрын 2918 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тұрғындары жанға жайлы өмір іздеп қалаға қоныс аударғандықтан қаңырап қалған ауылда соқа бастары сопайып қалған егде жастағы ерлі-зайыптылар «естелігімен» бөліскенді жөн көріп отырмыз. Мұсатфа Тұрғұтоғлы мен оның зайыбы Сегиөт ауданындағы Сиркока шағын елді-мекенінде туып-өскен. Биыл 84-ке толған Мұстафаның 79 жастағы зайыбы бірнеше жыл бойы Альцгеймер ауруынан есі кіресілі-шығасылы. Мұстафа таң алаулап атқаннан кеш манаурап батқанша зайыбын қарайды. От жағады, тамақ әзірлейді, дәрі-дәрмегін береді, түзге шығарады, т.б. Бұдан бөлек, қолы қалт еткенде ауылын бір айналып шығуды әдетке айналдырған. Ауылдастарының шаруа жайына бас-көз болып жүргені, біреудің бақшасына ұры түспеді ме, үйіне әлдекімдер кіріп алған жоқ па, т.б. Егер біреудің дүние-мүлкіне бірдеңе болса, қожайынына телефон шалады. Ол балғын балалық шағы мен албырт жастық шағы өткен, түтін түтетіп, отбасын құрған, т.б. өмірінің барлық кезеңі осында өткен ауылын тастап кетуді ойлап жүрген жоқ. Осы ауылда ақтық сапарға аттанғанды қалайды.

0 пікір
Мұрағат