Түрік ғалымдары смартфонның жеткіншектің жынысына әсерін анықтады
Түрік ғалымдары смартфонның жеткіншектің жынысына әсерін анықтады
2 жыл бұрын 1284 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түрік ғалымдары Еуропалық балалар эндокринологиясы қоғамының жыл сайынғы отырысында смартфоннан шашырайтын көгілдір жарықтың репродуктивті жүйенің дамуына әсері туралы алғашқы ауқымды зерттеу нәтижелерін ұсынды. Нәтижелер шамадан тыс сәулелену жыныстық жетілуді тездететінін көрсетеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалын жариялаған eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрік биологтарыбұл тараптағы тәжіибе барысында егеуқұйрықтарды көгілдір жарықтың репродуктивті гормон деңгейіне және жыныстық жетілу уақытына әсерін зерттеу үшін пайдаланды. Ұрғашы кеміргіштерді алты егеуқұйрықтан тұратын үш топа бөлді. Олардың алғашқысын күндізгі жарықтың, ал екінші және үшінші топтағыларын 6 (2-ші топты) және 12 (3-ші топ) сағат бойы көгілдір жарықтың әсеріне ұшыратып көрді. Көгілдір жарықпен сәулеленген екі топтағы егеуқұйрықтарда жыныстық жетілудің алғашқы белгілері ерте пайда болған. Сонымен қатар, экспозиция неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым ерте жетілу орын алды. Сонымен қатар, зерттелген егеуқұйрықтарда мелатонин деңгейінің жоғарылауы, репродуктивті гормондар (эстрадиол және лютеинизация гормоны), сондай-ақ, жыныстық жетілуге ​​тән аналық без тіндеріндегі өзгерістер байқалды. Көптеген зерттеулер бұған дейін экраннан шашыраған сәулеленудің әсерінен мелатонин мөлшерінің, соның ішінде адамдарда да жоғарылағанын көрсетті. Ұйқының қашуы әдетте осындай себеппен байланыстырылып түсіндірілген еді. Десе де бұл гормонның репродуктивті жүйенің дамуына да әсер етуі мүмкін екені енді белгілі болып отыр: мелатонин деңгейі жыныстық жетілу кезіндегіге қарағанда әдетте жоғарырақ болады, яғни, ол жыныстық жетілудің басталуын кешіктіруде елеулі рөл атқаруы мүмкін

Ұқсас материал:

"Смартфонның көгілдір жарығы жасушаның химиялық құрамын өзгертіп, ерте қартайтады – зерттеу" (https://islam.kz/kk/news/arturli/smartfonnyn-kogildir-jarygy-jasushanyn-himiyalyq-quramyn-ozgertip-erte-qartaitady-zertteu-17325/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат