Түрік ғалымдары жарықпен ластануға қарсы күреске күш салып жатыр
Түрік ғалымдары жарықпен ластануға қарсы күреске күш салып жатыр
5 жыл бұрын 2496 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркиялық астрономдары осыдан табаны күректей 20 жыл бұрын көтерген мәселеге қайта оралды. 20 жыл бұрын түрік парламентіне ұсынған жарықпен ластануға қарсы заң жобасын ұсынған болатын. Алайда, олардың аталмыш заң жобасы әлі күнге қаралған емес. Бұл айында түріктердің Sabah ақпарат көзі хабар таратты. Жарықпен ластану немесе түнгі аспанның жасанды жарықтан жарықтандырылуы, яғни, атмосфераның төменгі қабатында жасанды жарықтан көмескі тартуынан түрік ғалымдары жұлдыздардың қозғалысын бақылай алмай келеді әрі тіршілік иелерінің биологиялық ырғағын өзгертеді. Кейді мұндай қолдан жасалған құбылысты «жарықтан пайда болған ыс» деп атап жатады. Өткен ғасырдың соңына таман, дәлірегі, 1998 жылы Түркияның ғылыми және технологиялық зерттеу кеңесінің ұлттық обсерваториясы (TÜBİTAK) көтерген бастамаға орай «Жарықпен ластануды зерделеу тобы» құрылған болатын, ал 2001 жылы қалалық жерлер мен обсерватория маңында жарықпен ластанудың алдын алу үшін электрмен жарықтандыру бойынша директива жобасын әзірлеген болатын. Десе де аталмыш елдің энергетика министрлігі тарапынан директива жобасына ешқандай өзгеріс енгізілмегеннен кейін 2015 жылы мәтіні жарықпен ластануға қарсы күрес туралы заң жобасына айналдырылды. Содан бері сең қозғалған емес. Түрік астрономдарының қоғамдастығы (TAD) бұл мәселені қоғамның талқысына салуына тура келді. «Егер жарықпен ластанудың алдын алмасақ, біз көмескі тартқан жұлдыздарды бақылай алмай қаламыз, яғни, өзге елдермен бәсекелесу қабілетімізден айырыламыз. Біздің обсерваториялар маңында елді-мекендердің көбеюіне байланысты қауіптің астында қалдық. Заң неғұрлым тезірек қабылданғанын қалаймыз»,- деп мәлімдеді TAD жетекшісі, профессор Ибрагим Күшік. «Егер заң жобасы қолданысқа енсе, қоғамдық мекемелердің, жеке немесе заңды тұлғалардың сыртқы жарықтандыруы 50 шақырым радиусқа жетсе, тексеруден өтіп,обсерваторияның тиісті рұқсатын алуы тиіс. Дәлірегі, обсерватория маңындағы субьектілердің жарығы 30 шақырымдық радиустан асып кетсе, обсерваторияның талабы бойынша олардың жұмысы тоқтатылуы тиіс»,- деді ол. Осылай дей келе TAD жетекшісі Чилиді алға тартып, мысалға келтірді. Оның айтуынша, Чилидегі Паранал деп аталатын аса ірі обсерваториялар мен телескоптар кешенінің айналасындағы 58 000 гектар жер аумағы күзетілетін аймаққа айналдырылған.

0 пікір
Мұрағат