Түрік ASELSAN компаниясы «пішінін өзгертетін» беспилотник құрастырды (видео)
Түрік ASELSAN компаниясы «пішінін өзгертетін» беспилотник құрастырды (видео)
2 жыл бұрын 1594 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің қорғаныс саласының флагманы атанған ASELSAN компаниясы құрастырған пішінін өзгертетін беспилотник қазіргі уақытта сериялық сынақтардан өтіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы tgrthaber.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Дронды өзгерту» жобасы аясында стационарлық және жылжымалы платформалардағы арнайы ұшыру модулдерінен ұшырылатын көп роторлы ұшқышсыз ұшу аппаратының прототипі әзірленді. Мұндай беспилотник стационарлық және жылжымалы платформалардан да ұшырылуы мүмкін. Қанаттары бүктелетіндіктен бұл дронды салыстырмалы түрде шағын платформаларда көп мөлшерде алып жүруге және сақтауға мүмкіндік береді. ASELSAN жоба аясында жылжымалы көліктерде пайдалануға болатын 5 ұшыру қондырғысының жүйесін әзірледі. Ол 4 камерамен жабдықталған және қысқа уақыт ішінде 200 метр биіктікке көтеріле алады. Өндіріс кезеңі аяқталғаннан кейін ұшқышсыз ұшақты барлау және бақылау үшін пайдалану жоспарлануда. Ықшам көліктен ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырудың жедел операциялық мүмкіндіктер тұрғысынан зор маңызға ие. Бұл артықшылық немесе мүмкіндік өз кезегінде әскери қызметкерлерді мейлінше тиімді қорғауды қамтамасыз етеді. ASELSAN инженерлері ұшқышсыз ұшақты қозғалыстағы көліктерден тез көтерілетіндей етіп құрастырған. Тек әскери мақсатта ғана емес, сонымен қатар, азаматтық салаларда да қолдануға болады.

  

0 пікір
Мұрағат