|
Тұңғыш рет ұзындығы 400 метрден асатын жүрдек пойыз сынақтан сәтті өтті
|
Қытай астанасында қазіргі пойыздармен салыстырғанда ұзындығы екі есе, яғни, 400 метрден асатын, сағатына 350 шақырымды бағындыра алатын аса жоғарғы жылдамдықтағы Fuxing пойызы сынақтан сәтті өтті. Мұндай пойызды жасап шығарған CRRC Tangshan компания өкілдерінің айтуынша, жаңа пойыздың 16 вагоны бар, жалпы ұзындығы – 415 м. 1100 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Бұл көліктің түрі 28 рет сынақтан өткізілген екен. Ұзақ мерзімді жарамды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Қытай әлемдегі жоғарғы жылдамдықтағы пойыздарға арналған теміржол ұзындығы жағынан бірінші орында тұрған ел. Яғни, бұл елдің аумағындағы теміржолдың үштен бірі сағатына 350 шақырымды артқа тастайтын жоғарғы жылдамдықтағы пойыздарға арналған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін