Тұңғыш рет Марстағы желдің гуілі таспаға тартылды (видео+фото)
Тұңғыш рет Марстағы желдің гуілі таспаға тартылды (видео+фото)
6 жыл бұрын 5394 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың қараша айының соңында қызыл планетаға қонған америкалық InSight ғарыш аппараты Марстағы желдің гуілін таспаға тартып алды. Бұл жайында NASA ғарыщ зерттеу орталығы мәлім етті «Мұны құлаққаппен немесе сабвуфермен тыңдаған дұрыс»,- деп кеңес берді аталмыш агенттік директоры Джим Брайденстайн. Желтоқсан айының 1-і күні датчик желдің екпіні мен арынынан пайда болған жиілігі төмен дыбысты жазып алған. Сол күні Марстағы жел солтүстік-батыстан оңтүстік-щығысқа қарай секундына 5-7 метр жылдамдықпен соққан болатын. Желдің ауытқуын екі бірдей қондырғымен бақыланған: аппарат ішінде орнатылған ауа қысымын өлшейтін датчик, екіншісі – роботталған қолдың жанына бекітілген сейсмометр арқылы. Айта кету керек, InSight ғарыш аппараты 2018 жылдың қара шайының 26-ы күні қызыл планетаның Элизиум деп америкалықтар атаған таулы-қыратты ауданға құм үстіне бір жамбастай қонған болатын. Ол тек желдің «гуілін» жазып алып қоймай, төңірегін суретке түсірген. Бұл миссия 720 күнге созылады. Негізгі міндетіне Марстың ішкі құрылымын және геологиялық процесін зерттеу кіреді. Аппаратқа орналастырылған электромеханикалық бұрғы шамамен бес метрге дейін бұрғылау жұмысын жүргізбек.

0 пікір
Мұрағат