Тұңғыш ғарыштық қонақүйдің жобасы жарияланды (фото)
Тұңғыш ғарыштық қонақүйдің жобасы жарияланды (фото)
5 жыл бұрын 2520 bag.kz 7kun.kz

The Gateway Foundation америкалық компания Вернер фон Браун атындағы әлемдегі тұңғыш ғарыштық қонақүй жобасын жариялады. Бұл туралы news.com.au хабарлады.

Аталған қонақүй диаметрі 190 метрлі шеңбер үлгісінде ойластырылған және 24 капсулалы бөлмеден тұрады.

4.jpg 

Халықаралық ғарыш станциясына қарағанда онда жасанды гравитация бар. Дөңгелек қонақүйдің гравитация деңгейі Айдағыдай болу үшін ол айналып тұрады. Бұл ғарышқа еш дайындықсыз келген адамдардың қолайлығы үшін жасалған. Егер қаласа, гравитацияны өшіріп тастауға болады. 

5.jpg

Қонақүйдің өзі круиздік кеме сияқты, сәнді нөмірлер, коктейль-бар, мейрамхана мен кинотеатры бар. Ғарыштық қонақүйге 400 қонақ сыяды және оған ғарыштық шаттл арқылы жеткізіледі. Жоба жетекшілері қонақүйді 2025 жылы ашуды жоспарлап отыр.

7.jpg

Сондай-ақ, олар осы қонақүйді ашқан соң одан да үлкен 1400 адам сыятын қонақүй жасауды қолға алмақ.

Әлемдегі жалғыз ғарыштық мемлекет туралы білесіз бе?

Әлемде жалғыз ғарыштық мемлекет бар. Асгардия деп аталатын мелекеттің негізін 2016 жылдың 12 қазанында ресейлік ғалым Игорь Ашурбейли қалады.

Бұл қызық мемлекет «Асгардия-1» спутнигінде орналасқан. Қазірдің өзінде асгардтық атанып, азаматтығын алуға екі жүз мың адам өтініш беріп үлгерген. Олардың арасында әлемнің барлық елдерінен азаматтар бар.

Ғарыштық мемлекеттің конституциясы, туы, әнұраны, тіпті SOLAR атты криптовалютасы бар. Толыққанды территориясы бар ғарыштық мемлекет атану үшін ғарышқа ступник ұшырған.

Мемлекет аты — скандинавиялық мифтердегі Асгард қаласының құрметіне қойылған. Басқару формасы -конституциялық монархия.

Игорь Ашурбейлинің айтуынша оның мақсаты қазір жер бетінде бар мемлекеттерден тәуелсіз ғарыштық мемлекет құрып, ұлт қалыптастыру.

0 пікір
Мұрағат