Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
1 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түнгі ұйқы организмнің саулығы үшін маңызды рөл ойнайды. Алайда, түні бойы мазасызданып, дөңбекшіп, жиі ояну адамның жадысын төмендетедіәрі ересектер мен егде жастағыларджың алжу қатерін арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам стрестен немесе қандай да бір күйзелістен ұйықтау алмауы мүмкін немесе үрейлі түстерді жиі көріп, түннің бір уағында бірнеше мәрте оянуы мүмкін. Бұдан ең алдымен ми зардап шегеді. Бирмингем университетінің ғалымдары үрейлі түстердің қауіпті аурудың, яғни, алжу (деменция) қатерін арттыратынын анықтады. Сарапшылардың дерегінше, аадамзаттың едәуір бөлігі, дәлірегі, ересектердің шамамен 5 пайызы әр апта сайын үрейлі түс көреді. 12-40 пайыз аралығындағысы айына бір мәрте көреді. Апта сайын үрейлі түс көру қауіпті медициналық белгі болуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Ғалымдар 35 пен 64 жас аралығындағы 600-ден аса ерлер мен әйелдің, сондай-ақ, 79 жастан асқан 2600-ге жуық адамның денсаулығына қатысты мәліметтерін талдады. Баықлау басталған кезде олардың ешқайсысында ақыл-есі кемістігі диагнозы қойылған жоқ. Олардың барлығы жеті жыл бойы медициналық бақылауда болды. Ұйқы сапасының Питтсбургтегі индексінің көмегімен түс көру жиілігі бағаланды. Деректер 2002-2012 жылдар аралығында жиналды. Бақылау нәтижесі үрейлі түстерді ұдайы көретін орта жастағы адамдарда когнитивтік функциялары - жады, назар аудару және ойлау қабілетінің тез төмендейтінін көрсетті. Ғалымдар үрейлі түстер алжудың себебі болмаса да белгілерінің бірі болатынын анықтаған. Йткені, үрейлі түстер мидағы өзгерістерден хабар береді. Үрейлі түстер немесе түнгі ұйықының бұзылуы нейродегенеретивті ауруларды ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді. 

0 пікір
Мұрағат