«Түнек туризмі» қарқын алып келеді
«Түнек туризмі» қарқын алып келеді
5 ай бұрын 978 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам қаны төгілген, яғни, қатыгездігімен аты шыққан қылмыс орын алған жерде түнеу немесе суретке түсу бұрын адамгершілікке жат әрекет ретінде бағаланса, бүгінде табыс көзіне айналған. Туристер ақылға сыймайтын немесе көңілге қонбайтын осындай туризмнің қалыптасуына ықпал етіп отыр. «Түнек туризмі» («dark tourism») атпен танымал мұндай туризм Америка құрама штаттары мен Бриатнияны былай қойып енді Италия түбегінде өркен жайып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы туризм талай адамның өмірін жалмаған қылмыс орын алған жерлермен, табиғи апат болған орындармен, жерасты мекендерімен, қалтарыс-бұлтарысы көп үңгірлермен немесе адам азабынан хабар беретін мұражайлармен шектеліп қалмайды. Мәселен, Америкада 1912 жылы сегіз адам өмірмен хош айтысқан үйде түнеуге 600 доллар ақы алады туристерден. Италияда түнек туризмі 2012 жылы Costa Concordia лайнері апатқа ұшарағаннан кейін қарқын алып келеді. Әуесқойлар әуе кемесі суға батқан Жилио аралына, 2001 жылы екі мәрте кісі өлімі орын алған Ноу-Лигурдегі виллаға, т.б. қайғылы жағдаймен аты шыққан орындарға асығады. Италияның көптеген тұрғындары Фриулидегі Уайонт бөгетінің ауданына жиі барады - онда 1963 жылы бір түнде 2000 адам қаза тапқан екен. Мұндай турды ұйымдастырушы сайтта шара «құрбандар ұмытылмас үшін» жасалғаны айтылған. Біздің дәуіріміздің 79 жылы Везувий жанартауынан атқылауынан зардап шеккен Геркуланум мен Помпей де италиялықтардың назарын аударады. Ал Повелия аралы (Венециялық лагуна) да сұранысқа ие - онда обамен ауыратын науқастарға арналған бұрынғы карантиндік бекет орналасқан, т.б. Бұған қоса, Италияда соңғы жылдары түрлі қанқұйлы қылмыстар мен апаттар жайындағы кітаптар мен деректі фильмдер, телебағдарламалар  көбейіп кеткен. Бұл құбылыс та түнек туризімін жандандырып отыр. Туристер тек өзгеше, өткір әсер алу үшін емес, сонымен қатар, өмірінің мәні мен маңызын ой елегінен өтекізу үшін де барады.

0 пікір
Мұрағат