Тұманнан таза су алу технологиясы пайда болды
Тұманнан таза су алу технологиясы пайда болды
1 жыл бұрын 56914 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: ETH Zurich, Max Planck Institute for Polymer Research

Макс Планк қоғамының полимерлерді зерттеу институты мен ETH Zurich инженерлері тұманнан ауыз су алу технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл әдіс жаңбыр сирек жауатын, ағын суы жоқ жерлерде таза су алуға көмектеседі. Инженерлер металл сымнан жасалған және полимерлер мен титан оксидінің қоспасымен қапталған жұқа торды пайдаланды. Титан оксиді химиялық катализатор ретінде әрекет етеді. Ол тамшылардың құрамындағы органикалық ластаушы заттардың молекулаларын жояды, оларды зиянсыз етеді. Бұл құрылғының бір артықшылығы – электр энергиясын қажет етпей жұмыс істейді. Яғни, күн сәулесі жеткілікті. Титан диоксидін қалпына келтіру өз кезегінде ультракүлгін сәуленің тұрақты әсерін қажет етеді. Дегенмен, катализатор үнемді: жарты сағат күн көзі оның 24 сағат бойы белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл тарапта Цюрихтегі шағын тәжірибелік зауытта өткізілген сынақ барысында жасанды тұманның 8 пайызын жинап, тұманға қосқан органикалық қосылыстардың 94 пайызын жойып үлгерді. Олардың арасында күлдей тозаң секілді дизел тамшылары мен гормон белсенділігін тудыратын химиялық бисфенол А болды. Негізі мұндай технология таңсық емес: құрғақшылық жайлаған немесе ауызсуы тапшы аймақтарда темор тор арқылы су алу әдісі бұрыннан қолданылып келеді. Десе де тұман құрамында денсаулыққа қауіпті әрі зиянды заттар түзіледі. Оларды зарарсыздандыру мұндай жүйелерде қарастырылмаған. Ал мына технология осы олқылықты еңсеруге көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат