Туабітті кереңнің есту қабілетін гендік терапия арқылы қалпына келтірді
Туабітті кереңнің есту қабілетін гендік терапия арқылы қалпына келтірді
8 ай бұрын 769 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша алғаш рет Ұлыбританияда туабітті керең баланың есту қабілеті гендік терапия арқылы қалпына келтірілді. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Опал Сэнди (суретте - ред.) есімді сәби мұндай емді қолданылған алғашқы адам ретінде тарихта қалатын болды. Бір жарым жастағы қыз бала есту нейропатиясынан - ішкі құлақтан миға жүйке импульстарының берілу функциясының бұзылуынан туындайтын аурудан керең болып туған еді. Небәрі 16 минутқа созылған ота кезінде оған геннің түзетілген көшірмесі берілді. Қазіргі уақытта пациенттің хал-жағдайы жақсарған. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен профессор Манохар Банстың айтуынша, мұндай ем саңыраулардың есту қабілетін қалпына келтіруге көмектесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат