Тропикалық өсімдіктердің үштен бірі жойылудың алдында тұр
Тропикалық өсімдіктердің үштен бірі жойылудың алдында тұр
5 жыл бұрын 5509 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығында ғана өсетін тропикалық өсімдіктердің үштен бірі жойылудың алдында тұр. Бұл жайында ВВС Africa ақпарат көзі француздардың ұлттық тұрақты даму институтының зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Батыс Африканың, Эфиопияның көп бөлігі мен Танзанияның және Конго демкоратиялық республикасының кей аудандары өздерінің табиғи байлықтарының 40%-дан астамынан айырылуы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Science Advances мерзімді басылымында жарияланды. Жойылу қатері төнген өсімдіктер арасында ағаштардың бірнеше түрі, бұта-қараған, шөп, т.б. бар. Ғалымдардың айтуынша, негізінен орман-тоғайдың оталуынан, халық санының өсуіне байланысты ағаш ресурсына және ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге қажеттіліктен, климаттың өзгеруінен тропикалық өсімдіктер біртіндеп жойылып жатыр. «Биологиялық әр алуандылықтың адамдарға тигізер пайдасы ұшан-теңіз, егер биологиялық әралуандылық жоғалса, адамзаттың болашағына қатер төндіреді»,- деді осы орайда Француздардың ұлттық тұрақты даму институтының ғалымы Томас Куврёр.  Халық санының көбею мен құрғақшылықтың жиі орын алуы, жаһандық жылыну мен климат өзгерісі, сондай-ақ, орман-тоғайдың оталуы, тың жерлерді игеру, т.б. міне, аталған осы факторлардан 10 сүтқоректінің тоғызы, құстардың үштен екісі жойылуы мүмкін. Олардың мәртебесін анықтау үшін ықтимал жойылу қатерін тез бағалауға мүмкіндік беретін тәсілге жүгінген ғалымдар 20 мыңнан аса өсімдіктерді қарастырған екен. Ғалымдардың есебінше, түрлердің 33%-ы жойылу алдында тұр, түрлердің үштен бірі жақын болашақта сирек кездесетін болады немесе біртіндеп жойылады.

0 пікір
Мұрағат