Trophy жүйесінің жетілдірілген нұсқасы пайда болды (видео)
Trophy жүйесінің жетілдірілген нұсқасы пайда болды (видео)
2 ай бұрын 542 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің Rafael мемлекеттік қорғаныс концерні Meil ​​Ruach (Trophy) танктеріне арналған белсенді қорғаныс жүйелерін едәуір жетілдіргенін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы The War Zone мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Trophy жүйесі 2000 жылдардың аяғына таман әзірленді және бастапқыда танкке қарсы басқарылатын зымырандар мен басқа жаяу әскер қаруларынан, соның ішінде адам тасымалдайтын әуе қорғаныс жүйелерінен қорғауға арналған еді. Аталмыш жүйенің негізгі құрамдас бөліктеріне бірнеше радарлар мен ұшыру қондырғылары кіреді. Жаңартылған жүйе маневр жасау қабілеті жоғары FPV-дрондарына, мина тастайтын ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарссы тұра алады. Радар жүйесі қауіптің қайдан төнгенін анықтайды әрі қадағалайды, сондай-ақ, ату қондырғысын қатер төндірген нысанаға бағыттап, кинетикалық оқ-дәрімен атқылайды. Бұдан бөлек, бұл жүйе жоғарғыдан, дәлірегі, сәл қиыстан, яғни, бұрыштан шабуылдайтын ұшқышсыз ұшақтар мен танкке қарсы зымырандардан қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді. Израил әскері Trophy жүйесін алғаш рет 2009 жылы Merkava танктерінде қолдана бастады. Содан бері жүйе түрлі ұрыс қимылдарында өзінің тиімділігін көрсетіп, көптеген елдердің, соның ішінде америкалық қарулы күштерде қолданыла бастады.

0 пікір
Мұрағат