Трансформер робот екіге бөлінеді әрі екі бөлігі өз алдына бөлек дербес құрылымға айналады (видео)
Трансформер робот екіге бөлінеді әрі екі бөлігі өз алдына бөлек дербес құрылымға айналады (видео)
18 күн бұрын 682 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Гонконгта орналасқан Direct Drive Technology роботтық техника компаниясы D1 модулді төрт аяқты роботтың бірегей мүмкіндіктерін 95 секундқа созылатын бейнені YouTube әлеуметтік желісінде жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Тechcultақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Төрт аяқты роботтар өзінің тепе-теңдікті жақсы сақтай алатын қабілетінің арқасында соңғы жылдары ой-шұңқыры көп, ойпаң, еңіс,  жолсыз жерлердегі жолында кездескен кедергілерді оңай еңсеруді үйренді. Алайда, жылдамдығын арттыру қажеттілігі пайда болғанда күрт құбылады, яғни, өзіндік «эволюция» орын алады: төрт аяқты D1 екі аяқты автономды модулге айналады. Төрт аяғымен қозғалғанда тек ойлы-қырлы жерлерді оңай еңсеріп қоймай, сонымен қатар, 100 келі салмаққа дейін жүкті де алып жүре алады. Құласа, қайта тұратын ерекше робот су бетімен де сырғиды. D1 роботаның әрбір секциясының салмағы 24,3 келі тартады және сағатына 11 шақырым жылдамдықпен қозғала алады. Оның жұмыс ресурсы екі сағаттық зарядтаудан кейін - бес сағаттан асады, 43,2 В/9 А литий батареясының арқасында осынша уақыт қуаттаусыз қозғалады. Секциялар  8 ГБ  және Ubuntu 22.04 оперативті жадысы бар Jetson Orin NX процессорымен жабдықталған. D1 күзетілетін объектілерді қарауылдайды, жүктерді қысқа қашықтыққа жеткізеді және іздестіру-құтқару операциялары кезінде пайдаланылады.

 

0 пікір
Мұрағат