Төтенше ауа райынан адамзат сағатына 16 млн доллар шығын көреді
Төтенше ауа райынан адамзат сағатына 16 млн доллар шығын көреді
1 жыл бұрын 866 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: China Daily / Reuters

Жаңа Зеландиядағы Веллингтон университеті ғалымдарының есебінше, жаһандық жылыну тудырған төтенше ауа райынан келетін ғаламдық шығын соңғы 20 жылда сағатына 16  млн долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2000 жылдан 2019 жылға дейін климат дағдарысынан әлемнің барлық елі орташа есеппен 140 миллиард доллар жоғалтқан, кей жылдары бқл көрсеткіш 60-тан 230 миллиардқа дейінгі аралықта өзгеріп отырды. Төтенше ауа райынан, әсіресе, 2003 жылы Еуропада аптап ыстық орнап, орасан зор шығын көрсе, 2010 жылы Сомалиді жайлаған құрғақшылықтан талай адам басы ауған жаққа босып кетті. 2022 жылы төтенше ауа райынан, соның салдарынан – дүлей дауылдан, тасқан-селден, құрғақшылықтан, өрттен, т.б. келген шығын 280 млрд долларға жетіп, антирекорд орнатты. Шығынның үштен екісі адам шығынынан тұрады, қалғаны – бүлінген мүлікке қатысты. Климат шығынының үштен екісі дүлей дауылдан орын алса, аптап ыстықтан келген шығын – 16 пайыз, ал құрғақшылық пен тасқын-сел – 10 пайыз. Бұл зерттеуде төтенше ауа райына байланысты астық түсімінің төмендеуі секілді ауыл шаруашылығына қатысты шығын ескерілген жоқ.

0 пікір
Мұрағат