Топырақ тозып барады, құрамындағы қоректік заттардың жоғалуы жемістер мен көкөністердің сапасын төмендетеді
Топырақ тозып барады, құрамындағы қоректік заттардың жоғалуы жемістер мен көкөністердің сапасын төмендетеді
2 жыл бұрын 2501 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Топырақ 95 пайыздан астам азық-түлікпен, сондай-ақ, ауыз сумен қамтамасыз етеді. Алайда, жыл өткен сайын жер құнарлылығы кеміп барады. Бүгінгі таңда жер бетіндегі топырақтың 33 пайызы тозып, жарамсыз күйге түскен. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық бөліміне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандар мен агрономдардың айтуынша, жердің дегредацияға ұшырауына оның қрамындағы қоректік заттардың жоғалуы себеп болып отыр. Топырақ – адамзат пен жануарлар әлемін азықпен қамтамасыз ететін органикалық компоненттерден, микроорганизмдерден, минералдардан тұратын орта. Топарық құрамында адамзат санына көп тірі организм кездеседі. Топарықтың құнарлығы сақталуы үшін минаралдармен қатар, органикалық заттармен, микрооргнизмдерммен тиісті деңгейде байытылуы керек. Алайда, әр жиын-теріннен соң немес астық науқанынан кейін топырақтың құнары кеми береді – күтім көрмеген жердің немесе жер ресурсын ұқыпсыз пайдаланудан жерде өнетін өсімдіктер мен жеміс-жидектің сапасы төмендеп, қоректік деңгейі төмендейді. Әсіресе, соңғы 70 жылда азық түрлерінен дәрумендер мен қоректік заттар деңгейі төмен түсіп кеткендіктен бүгінде екі миллиард адам жасырын аштыққа ұрынған. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық бөлімі 2050 жылға дейін азық-түлікке деген әлемдік сұраныс бүгінгі деңгеймен салыстырғанда 60 пайызға артатынын алға тартып отыр. Бүгінгі күні жер шарындағы топырақтың 33 пайызы эрозия, тығыздалу, органикалық заттардың шайылуы, қышқылдану, ластану және басқа да жағымсыз процестердің салдарынан тозған. Кейбір жағдайларда топырақ эрозиясы барлық климаттық аймақтарда және барлық құрлықта табиғи түрде жүреді. Десе де антропогендік фактор топырақтың құнарын төмендетуде: негізінен қарқынды ауыл шаруашылығы және орман-тоғайды отау секілді адам әрекеттерінен тозып барады.

0 пікір
Мұрағат