|
Тізеге арналған экзосүлде аяқ күшін 50 пайызға арттырады (видео)
|
Гонконгтық Dnsys стартапы Z1 тізе экзосүлдесін жұртшылық назарына ұсынды. Осылайша адамның ұтқырлығы туралы түсінікті түбегейлі өзгертетін құрылғы пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылғы аяқ бұлшық еттерін 50%-ға күшейтеді және тізе буындарына түсетін салмақты үш есе азайтады. Экзосүолденің екі модулінің әрқайсысының салмағы небәрі 680 грамм және аяққа 15 секундта бекітіледі. Қуаты 450 Вт орнатылған электр қозғалтқыштар алға жылжығанда жамбасты ұстап тұрады, салмақ түскенде кезінде бұлшық еттің қызметіне көмектеседі және биікке көтерілген кезде 20 келіге салмақты төмендетеді. Аталмыш жүйе қимыл-қозғалыстың басталуына 0,01 секундта организмнің жай-күйін, күшін және айналу сәтін бақылайтын датчиктер кешенінің арқасында әрекет етеді. Екі ядролы процессор (бір модульге 240 МГц) пайдаланушының биомеханикасын талдап, қызметін біртіндеп оның жеке қозғалысына бейімдейді. Құрылғы жүру мен жүгіруді, велосипедпен жүруді, секіруді, отыруды және түрлі статикалық жағдайларды автоматты түрде таниды. Жорық кезіндегі сынақ барысында Z1 құрылғысы адамның жүру қашықтығын 25 шақырымға ұлғайтып, тізеге түсетін салмақты 150 келіге дейін дейін азайтқан. Құрылғы ылғалдан және шашырайтын судан жақсы қорғалған және 5 сағат бойы дербес жұмыс істеуге қабілетті. Стартап құрылғының үш нұсқасын ұсынады - «Single Joint», «Dual Joint» және «Dual Joint Pro».