Тігінен ұшып-қонатын электрлі ұшу аппараты әуеде ұшаққа айналады (видео)
Тігінен ұшып-қонатын электрлі ұшу аппараты әуеде ұшаққа айналады (видео)
2 жыл бұрын 3573 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. X-P4 Transwing. Сурет: Pterodyamics

Pterodyamics кмпаниясы ұшқаннан кейін қанатын жазып, түрленетін (трансформацияланатын) eVTOL (тігінен ұшып-қонатын электрлі аппарат) құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Pterodyamics компаниясы Transwing X-P4 деп аталатын тігінен ұшып көтерілетін электрлі ұшағын (eVTOL) жұртшылық назарына ұсынды. Платформа ұшу, қалықтау және круиз режимдері арасында ауысу үшін бірегей жиналмалы қанат жүйесін пайдаланады. Ұзындығы шамамен 2 м, ал ұзартылған қанаттары шамамен 4 метрге жететін ұшақ прототипі ұшу кезінде тек екі пропеллерді пайдаланады, қалған екеуі тік қону үшін қажет болғанша бүктелген күйде қалады. Бұл ұшу аппараттың негізгі инновациясына қанаттар айналатын екі қырлы топсаларын жатқызуға болады. Олар бүктелген кезде винттері жоғары қарайтындай еңкейеді. Бұл ерекшелік қауіпсіз тік ұшуға және қонуға мүмкіндік береді. Аталмыш компания барлық ауысу режимі «аэродинамикалық тұрғыдан қауіпсіз», қарапайым әдіске негізделгенін алға тартып отыр. Трансформация фюзеляждан шығып тұрған, сызықты жетекте қозғалатын шағын тіректермен жүзеге асырылады. Өтпелі электрлі VTOL ұшағы классикалық мультикоптерлер сияқты ұшып, қонып, қанаттарын жазу арқылы алға қарай ұша алады. Көптеген компаниялар ұқсас технологиялармен жұмыс істейді және олардың барлығы ортақы бір проблема бар. Тиімді ұшу өз кезегінде үлкен және кең қанаттарды қажет етеді, алайда, олар тік көтерілу мен қонуға да кедергі келтіреді. Тік және круиздік ұшуды орындаудың ең оңай жолы - әр режим үшін бөлек винттерді пайдалану, алайда, бұл құрылымның салмағын арттырады, яғни, ұшақты ауыр етеді. Қолданыстағы Transwing X-P4 прототипі бұл мәселені айырбасталатын қанатпен шешеді. Қазіргі уақытта ол жүктерді кемеден жағаға тасымалдау үшін сынақтан өтуде, алайда, компания оны түрлі тапсырмаларды орындау үшін, соның ішінде ұшатын жолаушылар таксиін жасау үшін оңай кеңейтуге болады, деп санайды.

0 пікір
Мұрағат