ThunderFly TF-G1 ұшқышсыз гироплан дауылды ауа райында да ұша алады (видео)
ThunderFly TF-G1 ұшқышсыз гироплан дауылды ауа райында да ұша алады (видео)
1 жыл бұрын 1099 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Чехиялық конструкторлар дауыл тұрған кезде де пайдалануға арналған бірегей ұшақты жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада көліктің төбесінен ұшырылатын ThunderFly TF-G1 ұшқышсыз ұшатын гироплан турасында сөз болып отыр. Ұшып көтерілу салмағы 25 келі тартады, аппарат 4300 метр биіктікке көтеріліп, салмағы 5 келіге дейінгі жүкті көтеріп, өзімен бірге алып жүре аоады. Сондай-ақ, оның шығандай нұсқасы - TF-G2 аппараты да көрсетілді. Бұл гироплан құрылымы жағынан қанатты ұшақ пен тікұшақтың аралығындағы көлік деуге болады. Негізгі пропеллер автокөлікті алға қарай итереді. Жоғарғы жағындағы қалақтар электр стансасының қуатын алмайды, алайда, олар арқылы өтетін ауаның арқасында айналады. Нәтижесінде гироплан төмен ұшу жылдамдығына ие, яғни, төтенше ауа райында да қатты желдің екпінінен ығып кетпейді немесе көп шайқалмайды. Гирокоптерлер энергия тиімділігі әдеттегі тікұшақтарға қарағандажоғары келеді. Жаңа ұшу аппараты қолайсыз ауа райында жоғалғандарды іздеуге және құтқаруға пайдаланылуы мүмкін. Аппараттың литилік батареясын бір рет зарядтаған кезде ұшу уақыты 60 минутқа дейін жетеді және құрылғының корпусы ашық бастапқы 3D принтерде басып шығарылады. Құрастырушылар аппаратты әлі де жетілдіретін болады. Жаңа өнімнің құнын ThunderFly өндірушісінің ресми сайты арқылы сұрап білуге болады.

0 пікір
Мұрағат