Тез дайындалатын кеспе бауыр циррозына ұрындыруы мүмкін
Тез дайындалатын кеспе бауыр циррозына ұрындыруы мүмкін
3 жыл бұрын 2697 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Михаил Гинзбург есімді ресейлік дәрігер «Россия 1» телеарнасыннан таратылатын «Ең бастысы туралы» («О самом главном») бағдарламасына берген сұхбатында тез әзірленетін кеспенің нақты қауіп-қатеріне тоқталды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, тез әзірленетін кеспені тұтыну өз кезегінде бауыр циррозына және атеросклерозға (қан тамырларында холестериннің пайда болуына) ұрындыруы мүмкін. Аталған тағам өнімінің құрамында трансмайларжың мөлшері тым көп. Дәрігердің сөзіне қарағанда, трансмайлар организмде энергетикалық алмасуды тоқтатды, нәтижесінде май қатпарына айналады – бауырда немесе қан тамырының ішкі қабырғасында. Бұдан бөлек, трансмайлар жиналған жер қабыну ошағына айналады. Оның айтуынша, трансмайларды абайлап тұтыну керек, өйткені, оның тәуліктік мөлшері бір-екі грамнан аспауы тиіс, ал тез әзірленетін кеспенің бір порциясында бес-алты грамы болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат