Терроризм терминін дінмен байланыстырмай, басқаша атауды ұсынды
Терроризм терминін дінмен байланыстырмай, басқаша атауды ұсынды
7 жыл бұрын 2757 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының билік басындағы "Біртұтас Ресей" апртиясы атынан сайланған депутаты Виталий Милонов баспа және бұқаралық коммуникация жөніндегі федералды агенттік жетекшісі Михаил Сесливанскиге ұсыныс білдірді. Депутат ұсынысында "христиан терроризмі" немесе "ислам терроризмі" терминін отандық бұқаралық ақпарат құралдарында қолданбауды сұраған екен. Оның айтуынша, "Бұқаралық ақпарат құралдарына ықпалын жүргізіп отырған агрессиялық либералды азшылық қоғамға қауіпті де қатыгездікке бастайтын терминді дінмен байланыстырып таңғысы келеді". Бұл өз кезегінде бұқараны жаңсақ ұғымның жетегінде кетуіне, қоғамда діни төзімсіздікті тудыратынын алға тартты. Осылай дей келе ол бұл әрекеттің саналы түрде болсын немесе байқамай жасалған күннің өзінде нақты фактіге ғана емес, сонымен қатар, РФ заңнамасына қайшы келетінін жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат