Терең жарықшақтан Африка құрлығы қақ айырылып, екіге бөлінуі мүмкін (фото+видео+карта)
Терең жарықшақтан Африка құрлығы қақ айырылып, екіге бөлінуі мүмкін (фото+видео+карта)
7 жыл бұрын 9076 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кенияның оңтүстік-батысында пайда болған терең жарықшақ Африка құрлығын ондаған миллион жылда қақ айырып, екіге бөлуі мүмкін. Неше мың шақырымға созылған жарықшақ аймақтағы сейсмикалық белсенділіктің әсерінен пайда болған. Бұл жарықшақ Найроби – Нарок күрежолының бір бөлігін бүлдіріп, пайдалануға жарамсыз етіп тастады. Африканың шығысындағы арқалы жазықтықты қалыптастырған жарықшақ 3000 шақырымға созылып жатыр әрі африкалық тақтаны бір-бірімен тең емес – сомалилік және нубилік тақталарға бөліп жатыр. Бұл тақталар бір-бірінен жылына 2,5-5 сантиметрге ұлғайып отырады. Оңтүстігіне қарай жарықшақтың пайда болғанына көп уақыт өте қоймағандықтан тез ұл,айып барады, ал солтүстігіндегісіне келсек, жазықтықтың түгелі дерлік жанартау жыныстарымен көмкерілген. Бұл өз кезегінде литосфераның толық жойылғанынан хабар береді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осыдан 138 млн жыл бұрын осындай құрлықтық жарықшақтан Атлант мұхиты пайда олған еді. Ол кезде Африка мен Оңтүстік Америка бір-бірінен бөлініп, қашық кеткен еді. Десе де аталған екі құрлықтың жағалауларының сызықтары әлі күнге бір-бірімен сәйкес келеді. Біз сөз етіп отырған жарықшақ мұхит суымен толып, Африка құрлығының бір бөлігі (Эфиопия мен Сомалиді қоса алғанда) үлкен аралға айналуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат