Теңіз суынан уран алуға арналған органикалық материал жасалды
Теңіз суынан уран алуға арналған органикалық материал жасалды
5 ай бұрын 774 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары теңіз суынан уран алу үшін органикалық абсорбент ойлап тапты. Абсорбент, яғни, сіңіруші материал экологиялық жағынан қауіпсіз, үнемді, синтезделуі оңай, механикалық тұрғыдан берік және қайта өңдеуге келеді. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ммерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Циндао биоэнергетика және биотехнология институтының (QIBEBT) зерттеушілері абсорбентті жасау үшін натрий альгинатын (SA) және функционалды ДНҚ жіптерін пайдаланды. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша ДНҚ ферменттері мен композиттік микросфералардың қосындысы - натрий алгинаты мен кальций иондары арасындағы ион алмасу нәтижесінде алынған материалдың тиімділігі жоғары. Ферменттер «детектор» ретінде әрекет етеді — олар уран иондарымен байланысқанда ғана белсенді болады. Содан кейін суда еріген атомдарды тез адсорбциялайтын микросфералар өз рөлін атқарады. Ғалымдар имитацияланған және шынайы теңіз суымен жүргізілген тәжірибе барысында материалдың уран атомдарына тым сезімталдық танытқанын хабарлады. Тиімділікті бағалау үшін қолданылатын метрика уранның ванадийге қатынасының көрсеткіші имитацияланған теңіз суында 43,6 және қалыпты теңіз суында 8,62-ге жеткен. Сонымен қатар, егер сіз ферменттерді басқа иондарға сезімтал ферменттермен ауыстырсаңыз, дәл сол әдіс теңіз суында еріген басқа металдарды алуға мүмкіндік береді. Уран – дүниежүзіндегі ядролық реакторларда отын көзі ретінде пайдаланылатын өте бағалы минерал. Мұхиттарда жер қойнауындағыға қарағанда мың еседен астам уран қоры бар, алайда, ол шағын концентрацияда (литріне шаққанда - 3,3 мкг) еріген және оны алу қиын. Ал мына технология атом электр стансаларына балама ретінде қолайлы.

0 пікір
Мұрағат