Теледидарда күлуге тыйым салынды
Теледидарда күлуге тыйым салынды
7 жыл бұрын 3593 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі көркем туындыларға юморлық ролик түсіруге және пародия жасауға тыйым салды. Бұл тыйым теледидар мен блогерлерге қатысты. Бұл жайында Sounth China Morning Post ақпарат көзі «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Билік өкілдеріні айтуынша, мұндай контент негізгі социалистік құрылымның іргесін шайқайды әрі мемлекет басшыларының абыройына нұқсан келтіреді. Мемлекеттік баспасөз, баспа қызметі, радио, кино және теледидар басшылығы ел аумағында классикалық және көркем туындыларды бұрмалайтын, мазақ ететін немесе кі келтіретін роиктерге тыйым салынғанын растады. Бейжің қаласының сарапшысы У Цзяня (Wu Jian) аталған жаңа ережені елемегендер теледидардан шеттетілетінін, ал блогерлердің сайты жабылатынын қатаң ескертті. Осы тыйымға байланысты, мәселен, қытай блогері әрі пародист JustXiait-тың кино-фильмдерден кадрлық үзінділер келтірілген сатиралық роликтері интернетте жойылды. Билік бұл шараны «тазару, арылу, өз-өзін бақылау» деп бағалап жатыр. Айта кету керек, коммунистік партия жаңалықтар ресурсын, баспасөз және видеоконтенттә жарнама бөлімшесіне берген соң бұл ереже енгізіліп отыр.

0 пікір
Мұрағат