Тек күндіз емес, түнде де айқын көрсететін дүрбі жасалды (видео)
Тек күндіз емес, түнде де айқын көрсететін дүрбі жасалды (видео)
2 ай бұрын 1973 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Заманауи технологиялардың арқасында түнгі көруге арналған дүрбі пайда болды. Бұл арада аса сапалы 4K экшн камераларын құрастырумен аты шыққан қытайдың Akaso компаниясының Seemor 200 түнгі көру дүрбісі турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы batna24.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Seemor 200 дүрбісінің ұқсас оптикалық көру құралдарынан айырмашылығы - салмағы 500 грамм тартады және екі батарея жинағы мен USB-C зарядтау кабелін оңай сыйдыра алатын тасымалдау бауы бар қорапта сатылады. Әрбір батарея 3250 мАч-қа (әрқайсысы 4 сағат жұмыс істейді) шақталған. Бейнені таспаға тарту үшін microSD картасы қажет. Кескін 4K бейнекөріністердң және 4 МП фотосуреттерді таспаға тартуға мүмкіндік беретін 1/1,79 дюймдік CMOS чипімен жасалған. Суреттерді өңдеу кезінде кескіннің сапасын айтарлықтай жақсартатын жасанды зерде технологиясы қолданылады. Seemor 200 құрылғысында орнатылған инфрақызыл сәулелендіргіш қараңғыда да ақ-қара форматта жоғары деңгейде ажыратып  көрсетеді. Seemor 200 үстіңгі жағында орнатылған алты түйменің арқасында оңай жұмыс істейді. Ол Wi-Fi арқылы Akaso арнайы қолданбасына қосыла алады. Оның көмегімен пайдаланушы microSD картасын шығармай-ақ суреттерді тасымалдап қана қоймай, сонымен қатар, камера ысырмасын қашықтан басқара алады. Seemor 200 жинағы (басқа керек-жарақтар) бар болғаны 250 долларды құрайды

0 пікір
Мұрағат