Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Сондықтан үшемнің анасы ДНК сараптамасын жасауды жөн көрген. Нәтижесінде 200 миллион адамда бір кездесетін оқиғаға тап болған. Үшемдер генетикалық тұрғыда бірдей болып шыққан.
Алайда, анасы үшемді өзгелер сияқты емес, өзі меңі арқылы оңай ажырата алатынын айтады.
«Мен үшемді өмірге әкелем деп еш ойламағам. Тіпті егіз болады деп те күтпедім. Тұқымымызда егіздер жоқ. Үшемдер 31 апталығынла кесір тілігі арқылы өмірге келді. Рокко 1,5 келі, Роман 1,53, ад Роан 1,64 келі салмақпен туылды», – дейді анасы.
Үшемдерге аптасына 130 жөргек пен балаларға арналған майлықтың 4 қаттамасы керек екен. Сүт қоспасы екі күнге жетеді. Ал, кір машинкасын киімдерін жуу үшін күніне үш рет қолданатын көрінеді. Оның 28 жастағы әкесі Лайам Тирней Беки-Джомен бірге тұрмайды. Сондықтан оған әпкесі Лорен көмектеседі.
Гендік тұрғыда бірдей болып туылатындар аналық жасушаның екіге бөлінгені себебінен болады. Егер анасының құрсағында жатқан егіздердің не үшемдердің бір ғана жарғақшасы болса, олардың гені бірдей болады.
2014 жылы Понтипулада Карен Гилберттің бір жасқа толмаған үшемдерін ажырату үшін аяғының саусағын күн сайын бояп қоятынын белгілі болған еді.