Таза технология индустриясының жаңа кезеңі туып келеді
Таза технология индустриясының жаңа кезеңі туып келеді
2 жыл бұрын 1313 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Henry Romero / Reuters

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) жаңа баяндамасында әлем жаппай дамудың және энергетикалық сектордағы экологиялық таза технологияларды танымал етудің жаңа индустриялық дәуірінің қарсаңында тұрғаны айтылған. Бұл әлемдік нарық 2030 жылға қарай 650 миллиард долларға бағаланады, бұл көрсеткіш қазіргі деңгейден үш есе жоғары. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасыл ұрпаққа арналған, яғни, экологиялық генерацияға қатысты жабдықтар өндірісін ұлғайту және жаңғыртпалы энергия көздері (ЖЭК) нарығын дамыту үшін барлық елдер энергия алмасу және қоршаған ортаны қорғау бойынша өз міндеттемелерін орындауы керек, ал бұл елеулі саяси ерік-жігер мен аса қомақты қаржылық инвестицияларды талап етеді. Осы күш-жігердің арқасында таза энергиямен байланысты жұмыс орындарының саны он жылдан соң күллі әлем бойынша қазіргі 6 миллионнан 14 миллионға дейін өспек. Сонымен бірге, аталмыш агенттік энергетикалық ауысуды (жаңғыртпалы энергия көздеріне көшуді) жүзеге асырудағы ықтимал кедергілерді де атап өткен екен, ең басты түйін – жеткізу тізбегіндегі жекелеген елдер мен аймақтардың басымдылығында жатыр. Осылайша, аккумуляторлар, күн батареялары, жел генераторлары және басқа да экотехнологиялар өндірісінде әлемдегі қуаттың 70 пайызын үш ел құрайды, бұл бағытта Қытайдың әлеуеті зор.

0 пікір
Мұрағат