Таяу болашақта толықтырылған шындығы бар гибридті кітап пайда болады
Таяу болашақта толықтырылған шындығы бар гибридті кітап пайда болады
2 жыл бұрын 1771 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Steve Marcus / Reuters

Британ ғалымдары таяу болашақта қағаз кітаптың толықтырылған шындық функциясымен (AR) жабдықталатын кітаптың пайда болатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған IEEE Pervasive Computing мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде цифрлы дәуірде оқылудан қалып бара жатқан немесе электронды нұсқасы ғана оқылатын қағаз кітаптың бәсін арттырады – мазмұнын айшықтап, түсінуді жеңілдетеді. Ұлыбританиядағы Суррея университетінің ғалымдары гибридті кітапты жасауға мүмкіндік беретін технология кітаптың қағаз нұсқасы мен гаджетті біріктіретін алға тартып отыр. Бұл тарапта Next Generation Paper (NGP) жобасында құрылғының прототипі сипатталған: оқырманға ақпаратты бір мезгілде баспа күйінде әрі экраннан алуына мүмкіндік бермек. Аталған жобаға атсалысқан мамандардың бірі Раду Спореаның айтуынша, қазіргі уақытта электронды кітаптар мен интеллектуалды құрылғы болғанымен олардың гибридті нұсқасы жоқ. Бұл бағытта алдын ала басып шығару технологиясы арқылы жасалған арнайы өткізгіш қағаз толықтырылған шындықпен бірінші кітапты жасауға көмектесуі мүмкін. Осынау зерттеуге атсалысқан Джордж Байрактаристің сөзіне қарағанда, кітап пайдаланушының бетті ашқанын автоматты түрде тани алады және мультимедиялық мазмұнды іске қоса алады. Осы орайда сәуір айының соңында E Ink икемді дисплейі бар Gallery 3 электронды кітаптың тұжырымдамасының жұртшылық назарына ұсынылғанын айта кетпекпіз. Құрылғы 300 dpi рұқсатында 50 мыңнан астам түстерді көрсете алады.

0 пікір
Мұрағат