Тауардың халалдығын ендігі жерде мобилді қосымша арқылы анықтауға болады
Тауардың халалдығын ендігі жерде мобилді қосымша арқылы анықтауға болады
10 жыл бұрын 5039

Дубай қаласының тұрғындары ендігі жерде тауардың шариғат талаптарына сай өндірілгенін немесе өндірілмегенін дүкеннен шықпай-ақ анықтау мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін қалта телефонына «Халал» логотипін жүктеп алса, жетіп жатыр. Бұл қосымша тауардың шынымен де халал жолмен өндірілген бе әлде оның логотипі тек жарнама ғана ма – осыны анықтауға мүмкіндік бермек. Хабарға қарағанда, «Халал» смарт-логотипі тауарын шариғат талаптарына сай өндіретін кәсіпорындарға ғана беріледі. Сол себепті, оны көлденең көк аттылар пайдалана алмайды. Қалалық әкімдік жоспарына сәйкес алты айдың ішінде халалды анықтау жүйесі толық іске қосылады.

0 пікір
Мұрағат