|
Татудың тағы бір қатері анықталды
|
Татуировка, яғни, инемен піспектеп денеге сурет салу процедурасы, әсіресе, жастар арасында танымал әдетке айналған. Тіпті, оны өнер деңгейіне көтеріп, насихатын асырып жатады. Десе де татудың тигізер тағы бір қатері анықталып отыр – иммундық жүйегі қауіпті болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцариядағы Лугано университетінің ғалымдары тату бояуының лимфо түйіршіктерінде жиналып, имммундық жүйе қызметіне теріс әсер ететінін анықтады. Бұл тарапта тышқандарға жүргіізілген тәжірибе нәтиежі көрсеткендей, тату ұзақ уақыт организмде қабыну процесін тудырады. Тату Америка құрама штаттары мен Еуропа тұрғындарының 40%-ның денесі инемен піспектеліп, суретпен өрнектелген. Зерттеушілер стандартты коммерциялық сия арқылы кеміргіштерге татуировка жасады. Визуализация технологиясы сияның лимфа түйіндеріне бірден кіретінін анықтауға мүмкіндік берді. Ғалымдар макрофагтардың - қоқыстан тазартатын иммундық жасушалардың сияны аулау арқылы организмде қабыну реакциясын тудырғанын көрді. Тату тек терімен байланысты косметикалық процедура ғана емес, сонымен қатар, иммундық жүйеге кері әсерін тигізетін жат әдет. Сантьяго Гонсалес есімді Лугано жоғарғы оқу орныныңпрофессор татудың кейін иммундық жүйені титықтатын, яғни, органимзнің табиғи қорғаныш қабілетін әлсірететін қауіпті процедура екенін тілге тиек етті. Бұдан бөлек, тату - инфекциялық ауруларды жұқтыру қатері жоғары процедура. Бұдан бөлек, қатерлі ісікке бастайтын қаупі тағы бар. Ең қиыны - татуды теріден кетіргенмен сияны лимфатикалық түйіршіктерден кетіре алмайды. Татуды теріден кетіргенімен денсаулыққа төнетін қатер бәрібір сақталып қалады.
Ұқсас материал: