Тасадан лақтыруға болатын әлемдегі алғашқы тактикалық бейнекамера жасалды (видео)
|
Қарулы күштер сарбаздары мен арнайы қызмет өкілдері көбінесе стационарлық бейнебақылау камералары болмаған кезде жасырын әрекет етуге тура келеді, ондай жағдайда төңіректі немесе жау әрекетін бақылау қиынға соғады. Осыны ескерген америкалық ғалымдар ерекше, дәлірегі, тактикалық бейнекамера ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Bounce Imaging (Америка құрама штаттары) Канзас-Ситиде жыл сайынғы NTOA конференциясында резеңке крикет добына ұқсайтын әлемдегі алғашқы Pit Viper 360 панорамалық термобейнелеу камерасын жұртшылық назарына ұсынды. Оны лаңкестермен атыс болып жатқан жерге қалтарыстан немесе тасадан лақтыруға болады. Камера өте ықшам келгендіктен арқанға немесе тірекке бекітуге болады. Қажетті деректі таспаға тартып алғаннан кейін Pit Viper 360 қосылған құрылғыларға кескіндерді (соның ішінде дыбыс) жібере бастайды, тіпті, екі жақты байланыс қайталаушысы ретінде жұмыс істейді. Түсті және инфрақызыл кескіндерге қоса, Pit Viper 360 термиялық бейнені жібереді және адам немесе көлік сияқты қоршаған ортадан жылырақ немесе салқынырақ нысандарға бағдарлана алады. Нәтижесінде оператор мейлінше аз кідіріспен нақты уақыт аралығында толық панорамалық кескінге ие болады.