Тас қағаз өндірісі қолға алынады
Тас қағаз өндірісі қолға алынады
3 жыл бұрын 2522 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Алексей Елсуков есімді экономист «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне бірге сұхбатында Ресейде тастан әжетхана, кеңсе және кітап парағы үшін қағаз өндірісі қолға алынатынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның жобасы осы жазда ұсынылады. Маманның айтуынша, ағаш целлюлозасынан жасалатын қағазды алмастыруы тиіс қағаз шикізаты ретінде құрылыста қолданылатын кәдімгі әк пен улы емес полимер қолданылады. Аталмыш бастаманы көтергендер әктен қаптауға арналған қатты қағаздан бастап, кеңсе, кітап және әжетхана қағаздарын істеп шығаруға болады. Ресейлік экономистің айтуынша, ел аумағында мұндай қағазды жаппай шығарса, оның бағасы ағаштан алынаты қағазға қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Осылай деген ол мұндай қағаздың кез келген істің қалауын табатын Жапонияда бұрыннан жасалатынын әрі осыған ұқсас жобалардың Түркия мен Өзбекстанда да қолға алынайын деп жатқанын жеткізді. Әк шикізаты – таусылмайтын ресурс саналады. Бұл жобаның қоршаған ортаға зияны кем. Оның үстіне, әктен әзірленген қағазды ағартып жатудың қажеті шамалы, өйткені, ол кез келген сыртқы факторалраға, соның ішінде ылғалға төзімді келеді. Оның үстіне, ол биологиялық тұрғыдан ыдырап, іріп жоғалатндықтан әрі қағаз өндірісі үшін орманды отау секілді экологияға зияны жоқ.

0 пікір
Мұрағат