Тайландта ғалымдар безгекті таратпау үшін масалардың көбею қабілетін жоймақ
Тайландта ғалымдар безгекті таратпау үшін масалардың көбею қабілетін жоймақ
9 жыл бұрын 3734 ҚазАқпарат

Тайландта денге безгегінің тарала бастауына алаңдаған ғалымдар адам үшін қауіпті вирусты тасымалдаушымен күресудің жаңа әдістерін сынап көрді. Осы бағыттағы соңғы идеялардың бірі радиациялық гамма-сәулелендіру көмегімен масалардың көбею қабілетін жою-зарарсыздандыруды қолға алынуда, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Ұлттық ядролық технологиялар институтында бірнеше айдан бері жасыл безгекті масаларға сынақ жүргізілуде. Қан сорғыш жәндіктің осы түрі денге безгегі мен Зика вирусын адамға жұқтырады. Тәжірибе барысында ғалымдар маса аналығын радиацияның шағын дозасымен сәулелендіру кезінде зарарсыздандыруға, яғни ұрпақ өрбіту қабілетінен айыруға болатынын анықтады. Жәндіктіңң жұптасу қабілеті жойылмайды, тек сәулеге шалдыққан маса мен жұптасқаннан кейін аналықтың жұмыртқасы дернәсілге айналмайды.

Сынақты аяқтауға 3-4 ай қажет. Ендігі сынақ масаның тіршілік ету ортасында жасалу жоспарланып отыр. Мамандар зарарсыздандырылған аналық масалар жабайы табиғат жағдайында кәдімгі қан сорғыштармен бәсекелесе ала ма, жоқ па, әзірге оны білмейді. Егер технология тиімді болса, ғалымдар безгек көп таралған аумаққа сәулелендірілген масалар жіберуді көздеп отыр. 

0 пікір
Мұрағат