Тағамдар құрамында шамамен 11 мың бактерия кездеседі
|
Бірқатар зерттеуден кейін италиялық ғалымдар тобы адамзат күнделікті тұтынатын кәдімгі тағам түрлерінің құрамында 10 899 бактерия мен саңырауқұлақ бар екенін анықтады. Оның үстіне, бұл бактериялардың жартысы ғылымға белгісіз түрлерге жатады. Бұл бағыттағы зерттеу барысында 50 елдің 2500 азық-түлік өнімінің микробтық құрамы талданды. Бұл жайында islam.kz порталы Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ашытылған тағамдар, жаңа піскен ет, балық, жемістер мен көкөністер зерттелген екен. Зерттеу тобы адамның күнделікті тағамында эукариоттық және прокариоттық домендерге жататын 10 899 бактерия мен саңырауқұлақ бар екенін анықтады. Бактериялар мен саңырауқұлақтар саны, әсіресе, пальма майы мен ірімшік қатқан тұзды ерітіндіде көп болып шықты. Толығырақ талдау мен кеңйтілген зерттеу нәтижесі тағам микробтары ересектердің ішек микробиомасының орта есеппен 3%-н құрайтынын көрсетіп берді.