Табиғат жанашырлары киімнің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қандай зияны барын нақтылады
Табиғат жанашырлары киімнің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қандай зияны барын нақтылады
5 ай бұрын 600 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Daoudi Aissa / Unsplash

Киім өндірушілерінің көпшілігі әлі күнге дейін адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін PFAS (перфторалкил және полифторалкил заттар) немесе «мәңгі химиялық заттарды» пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы  The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ethical Consumer компаниясының экологтары кейбір гардероб заттарының қауіптілігі туралы ескертті. Аталмыш ұйымның сарапшылары етік, рюкзак және сырт киім шығаруға маманданған 27 компанияныңөнімдерін зерттеп көрген екен. Өнімдердің 82 пайызында PFAS бар, олар қоршаған ортада биологиялық тұрғыдан ыдырамайды және адам ағзасында жиналуы мүмкін. «Мәңгілік химиялық заттар» жоғары холестерин, сондай-ақ, бедеулік пен қатерлі ісік қаупін арттыруы мүмкін. PFAS матаның су өткізбеуіне және киімнің оңайшылықпен кірлемеуіне көмектеседі. Мұндай химиялық заттар қоршаған ортаға тек киім өндіру кезінде және полигонға тасталғаннан да ғана емес, сонымен қатар, адамдар өнімді тұтынған кезінде де түседі. PFAS өзен-көлден, Эверест шыңынан және 600-ден астам жануардың, соның ішінде ақ аюлар мен дельфиндердің организімінен табылды. Дегенмен, компаниялардың көбісі «киімнің сапасы жоғалады, клиенттерден айырыламыз» деген желеумен жақын арада PFAS-тан бас тартуды жоспарлап отырған жоқ. NRDC ұйымының сарапшылары денсаулығына салғырт қарамайтын тұтынушыларды құрамында мәңгілік химиялық заттары бар киім өнімдерінен бас тартуға шықырып отыр. Ол үшін киім өндіретін ресми сайтына кіріп, өнімнің құрамын тексеріп барып сатып алуға кеңес береді.

0 пікір
Мұрағат